«Денсаулық сақтау министрлігі ауруды тест арқылы анықтау жұмысын барынша күшейтуге тиіс. Оны халықаралық стандартқа сәйкес тәулігіне кем дегенде 20-25 мыңға дейін жеткізу қажет. Осыған орай, Үкіметке қысқа мерзім ішінде отандық тест-жүйесінің өндірісін қолға алуды тапсырамын. Біз иммунобиологиялық препараттарды әзірлеу үшін қолда бар мүмкіндіктерімізді толық пайдалануымыз керек. Вакцина қолжетімді болған кезде Қазақстан шетелдің дәрі-дәрмегін күтіп отырмауы қажет. Дағдарыстан кейін де біз медицинаны дамытуға баса мән береміз. Бұл салаға мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетіледі. Үкімет Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекс жобасына осы саланы жетілдіретін нақты ұсыныстар енгізуге тиіс. Парламент бұл кодексті сессияның соңына дейін қабылдайды деп ойлаймын»,- деді Президент.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты жариялаған мәлімдемесінде айтты.
Кибер-алаяқтар Жетісу тұрғындарын 516 млн теңгеге алдаған
Қылмыс • Бүгін, 15:17
Павлодарда орташа жалақы 14 пайызға өсті
Аймақтар • Бүгін, 15:10
ТОП-10: Әлемнің ең бай адамдары кім
Әлем • Бүгін, 14:36
Ақтөбе облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:32
Астанада LRT станцияларының негізгі құрылысы аяқталды
Елорда • Бүгін, 14:27
Атырауда мал базарының қызметкерінен сібір жарасы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 14:20